ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 15 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ КӨЛІК АЙДАП ПОЛИЦИЯДАН ҚАШҚАН
1 min read

Т. Рысқұлов ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған. Алайда «Honda Odyssey» маркалы автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болады. Оны қуып жетіп, тоқтатуға тура келеді. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмағаны және көлік жүргізу құқығы болмағаны белгілі болды. 15 жастағы бала әкесінің көлігін үйінің алдынан рұқсатсыз айдап кеткен.