ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ІV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
1 min read
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Салалық кәсіподақтың республикалық ұйымының ХV съезі мен Жергілікті кәсіподақтың ХV Конференциясының шешімдерін жүзеге асыру барысы мен алдағы міндеттер туралы күн тәртібімен облыстық ұйымның ІV Пленумын өткізді. Алқалы жиынға Пленум мүшелері, жұмыс беруші өкілдері мен Атқару комитетінің мүшелері қатысты.