ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
1 min read
Бүгін Жамбыл облысы ауыл әкімдерінің форумы өтті. Форумның басты мақсаты «AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін, партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылау болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу басқосудағы мақсат болды.