ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ
1 min read
Жамбыл ауданында облыстың 85 жылдығына орай «Мәдениет – асыл қазынам» тақырыбында ауданның мәдени күндері өтті. Аудан тарихынан сыр шертетін рухани іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және ауданнан шыққан танымал тұлғалар мен аудан тұрғындары қатысты.