ЖАЛҒАН НӨМІРМЕН ЖҮРГЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҰСТАЛДЫ
1 min read
Тараздық полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бейнебақылау камераларының көмегімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған элиталық кластағы «Mercedes Benz» маркалы автокөлікті анықтады. Автокөлік жүргізушісі айыппұл болған жағдайда төлемеу үшін мемлекеттік нөмірін ауыстырғанын айтқан. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттың шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айырылды. Сондай-ақ 2 тәулікке қамаққа алынып, 15АЕК, яғни 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды.