«ЖАҺАНДЫҚ ДИАЛОГ ШЕҢБЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
1 min read

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Жаһандық диалог шеңбері» атты ауқымды халықаралық форум басталды. Бұл шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігің бастауымен ұйымдастырылып отыр. Форумға Қазақстан Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, және Өзбекстаннан 70-ке жуық делегат қатысуда. Форумның басты мақсаты – тәжірибе алмасу және дамып келе жатқан волонтерлік салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту.