ЖАҢА ЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 434 ОТБАСЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Шу ауданы, Жаңа жол ауылдық округінде 2933 тұрғын бар. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарымен ауыз суға қосылу бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда округте 434 түтін ауыз сумен қамтылып отыр, ол 73,6 пайызын құрайды. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында ауылдық округ әкімі айтып берді.