ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
1 min read
Денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бүгін Жамбыл облысында өңірдің медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем машиналарының кілттері табыс етілді. Бұл тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуді едәуір жақсартуға және сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық-санитарлық көліктерді табыстау рәсіміне өңір басшысы Е. Қарашөкеевте қатысты.