ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?
Облыс бойынша құрылысы бітпеген қанша білім ордасы бар? Мектеп қабырғасындағы оқулық мәселесі ше? Ал оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейнебақылау камералары түгел ме? Құжат бойынша барлығы керемет, іс жүзінде жұмыстар қаусап тұр. 1 қыркүйекке санаулы күндер қалғанда шешімін таппаған мәселелер қатары азаяр емес. Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен басқосуда осы мәселелер қаралды.