ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
1 min read

Күні кеше Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Еңбегі адал жас өрен» тақырыбында көшбасшылар форумы өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы» бөлімінің жетекшісі Гүлзат Келдібаева мен өңірдегі ағарту саласында белсенді қызмет атқарып жүрген мамандар қатысты. Екі мың жылдық тарихы бар Әулиеата өңірінде XXI ғасыр көшбасшыларын дайындауға бағытталған бұл форумда жас буынның еңбекқорлық пен адалдық қағидаттарын бойына сіңіруі басты назарға алынды. Толығырақ әріптесім Фархат Қауменнің материалында.