ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ
Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында ветеринария саласында атқарылған жұмыс пен нәтижелер бағамдалды.Алдымен аймақ басшысының ескертуінен бастасақ.Қаланың тазалығын сақтау мақсатында жолға қойылған 2 айлық сенбілікке кейбір сала мен мекеме қызметкерлері қатыспай жүр.Облыс әкімі оларға ескерту жасалғанын айтып,тиісті басқарма басшыларына қадағалауды тапсырды.Сондай-ақ, енді тал дарақ әктелмейтін болады. Осындай өзгерістерден кейін ветеринария басқармасының басшысы баяндама жасады.Расында, аймақтағы бұралқыларға қарсы жасалып жатқан шара көңіл көншітпейді.Тіпті,басқарма басшысы атап көрсеткен бірқатар аудандар жоспарды орындамаған.Толығырақ тілші тарқатады.