ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТҮЛЕТКЕН КӘСІПКЕР
1 min read
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны тұрақты табыс көзіне айналдыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ, іске асырғандар бар. Мәселен, Тараз қаласында атамұраны қолға алып, тіршіліктің тайқазанын қайнатып отырған кәсіпкер Олжас Шамшадинов жақында 5-і цехын іске қоспақ. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырған азаматтың негізгі кәсібі дәстүрлі астау мен ұлттық аспаптар және ат әбзелдерін жасау.