"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҮЙІНДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жамбыл облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы  «Қарасора-2023» жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ІІМ «Бүркіт» ҰГ арнайы мақсаттағы жасағын және «Урия» атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Тараз қаласының  Ақбұлақ шағынауданында  34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4 келі 700 грамм «кептірілген марихуана», салмағы 13,85 грамм «гашиш» есірткі заты және салмағы 7,76 грамм «көкнәр» есірткісі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 296 – бабының 4-бөлімі  «Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін  мойындады, тергеу жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл асқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *