"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ЖЕР ТЕЛІМІН БЕРУ ТЕТІГІ АШЫҚ ӘРІ ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ТИІС, — Н. НҰРЖІГІТОВ

1 min read

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен Тараз қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.Басқосуда  қала әкімі Бақытжан Орынбеков әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндап, 2025 жылға дейінгі қаланың даму жоспарының орындалу барысы мен алдағы жұмыстарға тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығының өнеркәсіп саласындағы өсім 9,5 пайызды, ауыл шаруашылығындағы өнім 3, пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысы 5,4, инвестиция 7,5 пайызға артқан. Жалпы құны 20,9 млрд. теңге болатын 71 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 25-і пайдалануға берілген. Даму жоспары бойынша 16726 адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *