ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТАТЫНДАР АРТУДА
Жеңіс күнінде пайдалануға берілген Тараз қаласындағы «Даңқ» залына келушілердің қарасы көп. Мұнда барлығы 1 миллион 500 мыңнан аса фотосурет пен жүздеген шежірелі жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Отан үшін от кешкен батырлардың есімдерін өскелең ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында жасалған залға келушілер ерекше қызығушылық танытады екен.