ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ӨҢІРГЕ ТУРИСТЕР КӨПТЕП КЕЛУДЕ
Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 68 262 турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5%-ға артып отыр. Ал, өткен жылы өңірге 135 712 турист келген, оның ішінде резиденттер саны 132 840 адамды құрайды. Бұл жылдан жылға көрсеткіші көкке өрлеп бара жатқан Жамбыл туризмнінің бүгінгі нәтижесі. Тарихи орындарымен ерекшеленетін Әулиеата жерінде 3 510 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасса, 27 ескерткіш Қазақстанның микросакралды картасына, 3 ескерткіш Қазақстанның өңірлік деңгейдегі Туристендіру картасына, 2 ескерткіш Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Дүниежүзілік ерекше туристік тартымды нысандарының тізіміне тенген. Өңір басшысы да осы саланы дамыту арқылы әулиеаталықтардың әлеуетін артыруға болатынын айтқан болатын. Сәйкесінше, қазіргі уақытта Жамбылдағы көрікті жерлер мен тарихи мекендерге келушілер саны артып келеді.