ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ НАСИХАТТАЛУДА

Ел жадында ерекше сақталатын есімдер бар. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес Із қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Соның бірі, құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. Ал, бүгінгі күні ел тарихындағы елеулі тұлғаның өнегелі істері қалай насихатталып жатыр? Тілші материалында.