ТАРАЗДА ЖОЛДА АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАҒАН КУӘЛІГІ ЖОҚ ЖҮРГІЗУШІ 3 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ
1 min read
Облыс орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушіні анықтады. Мемлекеттік нөмірі тағылмаған «ВАЗ-21 14» маркалы автокөлігі Жамбыл даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, екі жолақты сызықты кесіп өткені үшін тоқтатылмақ болған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, бірнеше көшеде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, жол ережелерін бұзуды жалғастырды.