ТАРАЗДА СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
1 min read
Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға жағдай жасалған. Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта 500-ден астам адамды қамтыған бұқаралық спорттық шаралар ұйымдастырды.