"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТАРАЗДА ШЫҒАРЫЛАТЫН САПАЛЫ ӨНІМ

1 min read

Отандық өндірістің ауқымын арттыру, шағын орта бизнестің көкжиегін кеңейту үкіметтің ден қойған мақсатының бірі. Мұның есебінен ел экономикасына пайда түсетіні өз алдына жұртты жұмыспен қамту мәселесі де шешімін табады. Осы орайда Жамбыл облысында инвесторларды тарту, инвестициялық жобаларды іске асыруға екпін берілді. Биылғы жылы жалпы құны 186,5 млрд. тенгенің 28 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 1374 жаңа жұмыс орны ашылуы қажет. Бұл өңір тұрғындарының ортақ игілігі. Сондай-ақ, облыста жергілікті жұртты жұмысқа жұмылдыра отырып, еліміз бойынша сапалы өнім шығарып отырған өндіріс орындары да бар. Соның бірі «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын шығаратын нысанда бүгінгі күні 250 адам жұмыс істейді. Толығырақ сюжетте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *