ТАРАЗДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Республика күні шаһарда бар сән салтанатпен аталып өтілді. Мерекеге орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай қаланың дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандарды құттықтап, олардың ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, сала үздіктерін арнайы төсбелгілермен марапаттады.