ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРУШІНІ ҰСТАДЫ
1 min read
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Тараздағы ұялы байланыс операторының ғимаратына жарылғыш құрылғыны қойып кеткенін хабарлаған күдіктіні ұстады. Шұғыл түрде Жамбыл облысы Полиция департаментінің арнайы саперлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаменті, Төтенше Жағдайлар Департаменті қызметкерлерімен аталған орталық ғимараты тексеріліп, ешқандай жарылғыш зат анықталмады.