ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ТӘРКІЛЕДІ
1 min read
Таразда «Қарасора-2024» іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын «Smoking shop» жерасты дүкені анықталды. Тінту барысында 113 электрондық вейп табылып, тәркіленді. 8000 рет ішке тартатын «Waka» маркалы электронды темекінің 1 данасының бағасы 10 000 теңгеден сатылады. 45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.