ТАРАЗДА КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
1 min read
Бүгін еліміз бойынша Көрісу күні аталып өтуде. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан жұрт бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды. Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді және жақсы тілектер айтады. Ескі дәстүрді жаңғыртқан жамбылдықтар да бүгін айтулы мерекені атап өтті. Толығырақ тілші материалында.