ТАРАЗДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
1 min read

Бүгінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Абай мұрасы: Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның философиялық ойларындағы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты көрсету болып табылады. Шара барысында студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат алып, оның ой-тұжырымдарының қазіргі кезеңде де өзектілігін түсінді. Мерейтойға арналған бұл маңызды шара Абайдың мұраларын жас ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.