"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТАРАЗДА 33 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы Тараз тұрғынын бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Ол облыс орталығынан кеңсе ашып, әлеуметтiк желiлердегi жарнамалар арқылы құрбандарды тауып, «қайтарымсыз несие» беремін деп уәде берген. Әйел микроқаржы ұйымдарында заңгер болып жұмыс істегенін және өзін осы саланың білікті маманы екенін айтқан. Осылайша, ол 71 азаматтың сеніміне кіріп, алдау арқылы жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *