ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ
Өткен жылдың 1 қазанында Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің өкілдерімен, Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізу рәсімі өткізілді. Бұл іс-шараның өтуі, біздің аймақтың мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі деп санауға болады. Екі жылдан астам уақыт ішінде Таразды Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгізу бағытында жұмыстар атқарылып, бүгінгі күнде Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-шы қала болып енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болды. Ондағы негізгі мақсат Тараз қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталықтарының біріне айналдыру. Осы мұрат аясында көне қалалық қолөнершілер қауымдастықтар негізінде нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Толығырақ тілші материалы.