"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ТАКСИ ЖОЛАУШЫСЫНАН 5 КЕЛІ ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ

1 min read

Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау дерегін анықтады. «Меркі-Шу-Бурылбайтал» трассасының 260- шақырымында аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «Honda Accord» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің багаж бөлігінен жолаушы болып келе жатқан Астана қаласының 38 жастағы тұрғынына тиесілі, жалпы салмағы 4 келі 700 гр. кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеті табылды. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады. Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.  Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.  Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Егер, Сізде есірткі қылмысы туралы ақпарат болса, жедел түрде полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *