ТӘТТІ КӘСІП ИЕСІ

Әлеуметтік желілерде кеңінен танымал болған «шоколадты құлпынай» тәттісі бүгінде тек ірі қалаларда ғана емес, шағын аудандарда да кәсіп көзіне айналып келеді. Соның жарқын үлгісі – Меркі ауданының кәсіпкері Аршын Мағлумбек. Ол бұл ерекше тәттіге деген сұраныстың жоғары екенін байқап, оны дайындау әдісін меңгерген. Бүгінде өзінің кәсібін сәтті жүргізіп, тұтынушыларын дәмді өнімдерімен қуантуды жалғастыруда. Шоколадпен көмкерілген құлпынайдың жасалу жолы мен кәсіпкердің табысқа жету тарихы жайлы толығырақ алдағы сюжетте.