СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі жемқорлық – мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, сонымен қатар еліміздің дамуына кедергі жасап, халықаралық аренада еліміздің абыройына нұсқан келтіреді. Осы тұста бүгін жастардың басын қосқан «Адалдық сағаты» аясында лекция өтті.