СУДЫ ТҰЩЫЛАНДЫРАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ ШАРУАЛАРҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облысында жалпы жерасты суының көлемі 1,7 млрд кубты құрайды. Оның ішінде қайта қалпына келетін ресурс 4,5 млн куб. Қазіргі уақытта ағын судың көлемі азайып, құрғақшылық үдеуіне байланысты жерасты суын игеру тиімді тәсіл. Ол үшін биыл облыста 646 су ұңғымасы қазылуда. Дегенмен, жер қойнауынан шыққан минералды сулар мал шаруашылығына тиімсіз. Өйткені ішуге жарамсыз. Бүгінде осы мәселені ескерген су шаруашылығы институты суды тұщыландыратын құрылғы жасап шығарды. Тың жаңалықты дала күніндегі семинарда шаруаларға таныстырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек те қатысты.