"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы, су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі аса маңызды. Су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Абай, Жетісу облыстары жатады.

Биылғы  қыс жылдағыдан  ұзақ болды. Мұның бәрі  таулардағы қардың еруіне әсер етпей қоймайды.  Демек,  су тасқыны қаупін туғызуы әбден мүмкін. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау үшін «КАЖсервис» орталығы су арналары мен каналдарды тазалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *