ШЫМКЕНТТІК ӨНЕРТАПҚЫШТАР АҚЫЛДЫ КӨЗІЛДІРІК ОЙЛАП ТАПТЫ

Шымшаһарда өнертапқыштар құлағы естімейтін жандарға арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды. Бұл құрылғы айналадағы әңгімені лезде мәтінге айналдырып, суфлер тәріздес көзілдірікке шығарады. Осылайша, есту қабілеті нашар адамдар өзгелермен еркін сөйлесуге мүмкіндік алады.