"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ШЫМКЕНТТЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ САНЫ АРТҚАН

1 min read

Балалардың болашағы – қоғамның басты құндылығы. Алайда соңғы мәліметтер кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істің күрт көбейгенін көрсетіп отыр. Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың 12 айында 149 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 іске артық. Жалпы, жыл бойы 167 қылмыстық іс қаралып, оның 100-і бойынша айыптау үкімі шыққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *