ШУ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шу ауданына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жұмыс сапарымен барды. Қанатбек Қайшыбекұлы алдымен «Тараз химиялық Паркі» АЭА жұмысымен танысты. Өндірістер ошағының бас ғимаратында болған облыстық инвестициялық штаб отырысына төрағалық еткен Қанатбек Қайшыбекұлы жиынды ашып, талқыланатын тақырып туралы қысқаша айтып өтті. Жиында инвесторлармен жұмыс, осы саладағы мемлекеттің қолдау тетіктері туралы сөз қозғалды.