СЕНАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын Шу ауданынан бастады. Сенат депутаты сапар басында Тасөткел магистралды каналындағы мәселелермен танысты. Айтулы мәселенің мән жайын Шу ауданы әкімі Бақытжан Жәнібеков пен тиісті мамандар баяндап берді.