САЯБАЯҚ ҚОҚЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛЫП БАРАДЫ
1 min read
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңайында орналасқан саябақтың хәлі мүшкіл. Бүгінде аумақ тұрғындарының арқа жазатын орны күл қоқыс пен қаңғыбас иттердің мекеніне айналған. Жаздыгүні күн ауып, адам қарасы көбейетін шақта қаңғыбас иттер тобырымен тұрғындардың зәресін алатын көрінеді. Ал, қолқаны қабатын қоқыс иісінен мұнда демалу мүмкін емес. Жасыл желектер уақытында суғарылмағандықтан сарғайып, бүгінгі кейпі көңіл көншітерлік емес. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қайтқан әріптесім Мағжан Орынбасар жалғайды.