САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ — БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгінгі күні тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі жүйелі түрде назарға алынды. 2023 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау саласында жалпы 13,6 млрд. теңгеге 54 жобаны іске асыру жұмыстары басталып, жыл қорытындысымен 34 нысан пайдалануға берілді, қалған 20 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болды. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында жауаптылар мәлімдеді.