РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 2 АВТОЖОЛДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛДІ
2024 жылғы 28 ақпандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
➡️ Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 20 км 1 автожол.
(қар көшкіні қаупіне байланысты)
1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары», Берел а.-Рахман қайнары.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
➡️ Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол.
(боран, шектеулі көрініс)
1. «Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. — Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
🚜 Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 743 бірлік техника және 1643 адам жұмылдырылды.