«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ДАЯРЛАУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының оқыту семинары болып өтті. Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мәжіліс залында өтті.