РЕСПУБЛИКА КҮНІ-МЕМЛЕКЕТТІК КҮН
1 min read
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Ол 1995 жылдың қазан айында Ұлттық мереке болып жарияланды. 2009 жылдан бері тойланбады. Алайда, 2022 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен оған ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Қиындықтар мен өзгерістерге толы қазіргі әлемде Республика күні ерекше маңызға ие болып отыр. Ол тәуелсіздік тек саяси мәртебе ғана емес, әр азаматтың өз елінің болашағы үшін жауапкершілігі екенін еске салады.