«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАМБЫЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
1 min read
«Қазақстанда ағын судың қамын күйттейтін мекеме жоқ. Сол үшін тіршілік нәрін қадағалайтын агенттік құру қажет». Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров суармалы су тапшылығы мәселесін реттеудің жалғыз жолы осы дейді. Өйткені еліміздегі билік назарында тұрған өзекті мәселе бұл. Өңірге келген халық қалаулысы Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарын аралап, су каналдарының құрылысын көріп, жергілікті шаруалармен кездесті.