ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
1 min read
2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы өкілдерінің Жамбыл облысына іс-сапары басталды. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.