ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ
1 min read
Ұлттық қолөнер – ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мәдени мұрамыз. Бүгінде ата-бабамыздан қалған мұраны көзінің қарашығындай сақтап, төл өнерімізді дәріптеп жүрген жандардың бары қуантады. Тараз шаһарында 5 жылдан бері «Ажур» студиясы талайдың қолына қазақи қуыршақ ұстатып, этностильде киіндірген. Ою-өрнектері бар әшекей де мұнда табылады. Бір ерекшелігі мұның бәрін мүмкіндігі шектеулі жандар жасайды. Ерекше жандар жұмыс жасайтын тігінхана жайлы тілші сюжеті.