ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН БОКСШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
1 min read
Тараздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз Арена спорт кешенінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының арасында жолдастық кездесу өтті. Іс-шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының ұйымдастыруымен өтті. Жолдастықө кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында достық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, бокспен кәсіби түрде шұғылдануға тарту арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оның халықаралық аренадағы беделін және қазақ боксын дамыту арқылы ұлттық идея деңгейін арттыру болып табылады.