«ПОГОНДЫ ЖУРНАЛИСТ»: ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ БІР КҮНІ
Ішкі істер министрлігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылатын «Погонды журналист» жобасы дәстүрге айналып үлгергелі қашан. Оның мәні – қолына қалам ұстаған тілшілер бір күн мамандығын ауыстырып, тәртіп сақшысы болып қызмет етеді. Өзінің қалауы бойынша патрульдік немесе ювеналды полиция қызметкері, тергеуші, криминалист, тағы басқа салалардың бірін таңдап, оқалы киім киіп, ішкі істер органдарындағы жұмыс барысын көзбен көріп, сезінеді.