ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру мақсатында өңірімізде іске асып жатқан пилоттық жобаға 3 жылдың ішінде 18,3 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде өңірдегі 24 ауылдық округтегі 4353 отбасыға жеңілдетілгенн несиелер берілді. Елімізде алғаш болып жүзеге асып жатқан бұл жоба жамбылдықтарға расында тұрмысын тіктеу үшін демеу болды. Жылдық нәтижесі де көңіл қуантады. Өткен жылдың қорытындысымен биылғы жылдың жоспарын ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері баспасөз алаңында айтты. Толығырақ тілші тарқатады.