ОЗАТ ҒЫЛЫМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
1 min read
Филология ғылымы зерттегенге түгесілмейтін, ат үсті қарағанға ашыла қоймайтын ғылым. Сондықтан, қоғамға қажеттілігі орасан. Осындай білім арнасын жастарға бұру мақсатында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды шараға қоңсы жатқан көршілерден бөлек, Ұлыбританияның Манчестер және Лидс қалаларынан қонақтар келіп, баяндама жасады. Жиында балалар әдебиетінің дамуы жайында студенттер мен мектеп оқушыларының материалдары тыңдалды. Сондай-ақ филология ғылымының бүгінгі күнгі өзекті мәселелері талқыланды.