ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫҢДЫ ӨТЕП ТЕГІН БІЛІМ АЛ
1 min read
Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылы әскери қызметшілерді жоғары оқу орындарында мерзімді әскери қызметін аяқтағаннан кейін тегін негізде оқыту үшін білім беру гранттарына квоталар заңнамалық негізде бекітілді. Олар сондай-ақ әскери жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдікті жүйені пайдалана алады. Жамбыл облысының Меркі қаласында мотоатқыштар батальонының оннан астам мерзімді қызметінің сарбаздары Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсуге ниет білдірді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында бұл әскери университеттің курсанты болуға және болашақта офицерлік атақ алуға ниет білдірушілердің саны көп.