ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОҢАЛЫП КЕЛЕДІ
1 min read
Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың га. болса, оның орманмен көмкерілген жерлері 2 млн. 357 мың га. құрайды. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. Аталған мемлекеттік орман қорының жерлері Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелеріне бекітілген. Сондай-ақ, басқармаға қарасты мамандандырылған Сапсан жедел қызметі мекемесі жұмыс істейді.